«Бота» бөбекжай балабақшасы» жеке мекемесі Туркістан облысы, Түркістан қаласы, Шалкиіз Жырау көшесі, 29А ғимаратта орналасқан.
Мекеменің сымтетігі: +7 701 452 0063
эл.почта: dilya_oriflame@mail.ru
Ғимарат ыңғайластырылған, 1 қабатты, қабырғасы кірпішті, шатыры – шифер, едені ағаш тақтай. Балабақшада 3 топ: киім ауыстыратын, оқу-ойын бөлмеден, жатын, жуынатын, ыдыс жуатын бөлме және асханадан тұрады. Сонымен тамақ дайындайтын ас блогы, әкімшілік бөлмелері, медицина, кір жуатын бөлмелер мен қоймалар бар. Электр жүйесі орталықтандырылған, жылу жүйесі жергілікті жылыту жүйелері арқылы газбен жылынады. Балабақша ауласы көгалдандырылған. Әсемдік, жеміс ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда. Балабақша учаскесінде спорт алаңы мен әрбір топқа арналған едені тақтайдан болған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Медицина бөлмесі балаларға антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін 3 топ жұмыс жасайды
3 жастан бастап “Қошақан” ортанғы тобы, 25 тәрбиеленуші
4 жастан бастап “Құлыншақ” ересек тобы, 25 тәрбиеленуші
5 жастан бастап “Ботақан” МАД тобы, 25 тәрбиеленуші
Сыйымдылығы : 75 бала
Жұмыс уақыты: 5 күндік, 10,5 сағат
Жұмыс істеу тәртібі: 8.00 ден 18.30 ға дейін.
2022- 2023 оқу жылына “Балабақшада 2022- жыл балалар жылында балабақшада дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал жасау” тақырыбында төмендегі мақсат пен міндеттерді қояды:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дені сау, дербес, білімге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын құзыретті тұлға тәрбиелеу;
Балаларды қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту;
Ұлттық мәдениет пен дәстур арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру;
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жасау;
Дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырылған іс-әрекетте пайдалану;
Балалардың ынта-ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет-қәсиеттерін дамыту;
Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану;
Отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту -«Ассоциация» әдісін пайдалану ;
Балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
Таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамыту мақсатында «Раунд-Робин» әдісін пайдалану;
Өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсету үшін «Ой қозғау» әдісін пайда-лану;
Өз бетінше саналы таңдау жасай білу үшін «Салыстыру» әдісін пайдалану;
Командада жұмыс істей білуді дамыту үшін «Топтау» әдісін пайдалану;